|
2007 жылғы 1 қарашада Азия-Тынық мұхит Ақпараттық Технологиялар Институтының (АРІІТ) өкілдерімен кездесу өтті.Делегация құрамында Халықаралық кеңсенің аға менеджері Пу И, Халықаралық кеңсенің менеджері Мухаммед Анис Ур Рехман және Студенттік кеңсенің кураторы Ақжелен Исабаева болды. Сапардың негізгі мақсаты академиялық білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау болатын. Қазіргі кезде Малайзияда 94 стипендиат оқып жатыр, олардың 26-сы, техникалық мамандықтар бойынша 11 бакалавр мен 15 магистрант – Азия-Тынық мұхит Ақпараттық Технологиялар Институтында. |
|
Толығырақ...
|
|
|
Қазанның 31-інде Халықаралық бағдарламалар орталығында Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің Мәдениет және ынтымақтастық бөлімінің өкілдерімен кездесу өтті.
Елшіліктің Мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Франсуа-Оливье Сейс, Елшіліктің бірінші хатшысы Алекс Бортолан, Университеттік және ғылыми ынтымақтастық жөніндегі атташесі Клод Абитбол Орталықта болып қайтты. Кездесу аясында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін және Францияда «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. |
|
|
31 қазанда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері Ирландия оқу орындарының өкілдерімен, сондай-ақ Ирландия Елшілігінің Ирланд сауда және технология кеңесінің өкілдерімен кездесті.Кездесу аясында тараптар «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру және Орталықтың шетелдегі тілдік және академиялық оқыту жөніндегі коммерциялық жобалары аясында да, сондай-ақ келесі жылы енгізіледі деп жоспарланып отырған ғылыми тағлымдамалар аясында да ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Қонақтар «Болашақ» білім көрмесіне қатысуға ниет білдірді, сонымен қатар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін ортаға тартты. |
|
|
Қазанның 30-31-і күндері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-та Ұлыбритания университеттерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.
Кездесуге Бритин Колледж, Гламурган университеті, Экзетер университеті, Эссекс университеті, Данди университеті, Брунель университеті, Шығыс Англия университетінің өкілдері қатысты. |
|
Толығырақ...
|
|
|
Біздің сайтта «Көргендер кеңестері» атты бөлім ашылуда, онда сіздер стипендиаттардың «келер ұрпағына» өз ақыл-кеңестеріңізді бере аласыздар. Белгілі бір университеттегі қандай да бір мамандықты таңдау туралы, бір университеттің бір кафедрасының оқытушымен қалай тіл табысу қажет екендігі туралы, қандай еуропалық мұражайға барған жақсы, ал қандай қонақүйді айналып өткен дұрыс болатындығы туралы кеңестеріңізді жариялай аласыздар. Кез келген ақыл-кеңестеріңіз қабылданады. Ақыл-кеңестеріңізді amershina@edu-cip.kz электронды адресіне жібере аласыздар. |
|
|
<< [Бастапқысы] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>
|
| Қорытынды 241 - 245 из 248 |