«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Данияр Бектұрғанов Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Ши Юньсяомен кездесті. – Менің ойымша, «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанда мамандар дайындау ісінде ерекше орын алады. Қытайда 1978 құрылған «Болашақ» бағдарламасына ұқсас шетелде мамандар дайындау тұрғысындағы орталықтың жұмыс істейтінен құлақдар еткен қонақ, Қазақстанмен тәжірибе алмасудың тиімділігін айтты. Өкінішке орай, түлектердің 50 пайызы елге қайтып келмейді – деді Ши Юньсяо. Сондай-ақ, кездесуде стипендиаттармен келісім-шартқа отыру, болашақтықтарға қойылатын талаптар жөнінде әңгіме болды. |
|
Толығырақ...
|
|
|
«Болашақ» бағдарламасы Қазақстан-Америка қарым-қатынастарын бекемдеу саласындағы делдал болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің мәдениеті мәселелері жөніндегі қызметкер Джеффри Сэкстон «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Данияр Бектұрғановпен кездесу барысында айтты. |
|
Толығырақ...
|
|
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамыр №237 бұйрығына сәйкес «Болашақ» бағдарламасының конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдайды. Академиялық оқу үшін – 2010 жылғы 7 маусымнан 30 шілдеге дейін. Ғылыми тағылымдама үшін – 7 маусымнан 30 қыркүйекке дейін. Құжаттар сенбі жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) мына мекен жайда: Астана қаласы, Қонаев көшесі 29/1 «Дипломат» БО, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-та қабылданады. Телефондар: 8 (7172) 550-124, 550-125, 550-126, 550-128 Орталықтың Алматыдағы филиалы өз бетімен түскендерден құжатты 7 маусым мен 15 шілде аралығында мына мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Самал-2, Бектұров көшесі 104, 3 қабат, «Халықаралық бағдарламалар орталығы»АҚ Алматы филиалы Телефондар: 8 (727) 264-16-03, 264-16-48 Бұйрық "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар тұралы 2010 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі |
|
| «Халықаралық бағдарламалар отралығы» АҚ вице-президенті Еркежан Апсеметова Siemens Enterprise Communications компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері айтылды. Компанияның Орталық Азия бойынша өкілдігінің басшысы Александр Гревцев болашақтықтарға демалыс кезінде тәжірибеден өтуге жағдай жасайтындықтарын айтты. | |
|
Толығырақ...
|
|
| «Халықаралық бағдарламалар отралығы» АҚ президенті Данияр Бектұрғанов Ирландияның Тринити Колледж өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында президент орталық құрылымының басым бағыттары, жоғары оқу орындарының тізімі, басым мамандықтар тізбесі туралы айтып берді. Ғылым және инжиниринг факультетінің деканы профессор Клив Уильямс қазақстандық студенттердің үлгерімі мен тәртібін жақсы бағалап, екеуі техникалық мамандық бойынша ғылыми зерттеулер жасағанын жеткізді. | |
|
Толығырақ...
|
|
|
<< [Бастапқысы] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>
|
| Қорытынды 11 - 15 из 248 |