|
|
|
|
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, «Cesar Ritz» университеті | |
|
|
 Кенебаева Айнұр,
Дадикбаева Нұртолқын,
Ігі бастама
Кез келген өркениетті елдің рухани бостандығының нышаны білімнің биік байрағы екендігі хақ. Тәуелсіздік тұғырына табан тіреген сәттен бастап еліміз еңсесін тіктеп, әлемдік өркениет көшіне жеке керуен болып қосылды. Қазақ елінің көсегесін көгертудің кілті парасат-пайымы биік, саналы жас ұрпақ тәрбиелеу деп білетін Елбасымыздың көреген саясаты арқасында мыңдаған жастар “Болашақ” бағдарламасы негізінде әлемнің сан алуан елдерінде білім алып жатыр. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары | |
|
|
 БАЙСЫНОВ ӘСЕТ ЫБРАЙЫМҰЛЫ
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары,
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты
Сонау, 90-шы жылдардың басында еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының мүшкілдігіне қарамастан, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев аса көрегендік танытып, елдің ертеңі болатын дарынды жастардың әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алуы үшін халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы теңдессіз, игі шешім қабылдағаны баршамызға аян. Бұл, өзіне ұқсас теңдесі жоқ жоба, көп уақыт өтпей-ақ өз жемісін бере бастады.
Бүгінде, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының түлектері мемлекеттік басқару саласында, бюджеттік ұйымдар мен ұлттық компанияларда, сондай-ақ отандық және шетелдік компанияларда табысты еңбек етуде. Осылайша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу әрбір жас қазақстандықтың асыл арманына айналды. |
|
Толығырақ...
|
|
|
 ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібінің бірінде эссе жазу қарастырылған. Осы орайда «Болашақ» бағадарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Манчестер университетінде білім алып, елге оралған, Мұрат Асылқожаның эссе жазудың ерекшеліктерімен ақыл-кеңестерін ұсынып отырмыз. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
|
|
|
Жаркешовтер отбасының үш перзенті «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алып отыр. Отбасында үш болашақтықпен қоса екі қызы бар екен. Олар да жоғары білімді мамандар. «Біздің бар мақтанышымызда, қызығымыз да балаларымыз – дейді бізбен сұхбатында отағасы Серікбай аға.
– Ең бастысы балаларым иманды, еліміздің салт-дәстүрін, ана тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын біледі, құрметтейді.
Болашақтық егіз ұлдар Санжар және Ернарды ата-аналары бала күнінен әр түрлі салаға бейімдеген. Мысалы екеуі де өнер мектебін бітірген. 2003 жылы жоғары оқу орындары арасындағы республикалық конкурста домбыра номинациясы бойынша 1-2 орынға ие болған. Құрманғазы күйлерімен өскен олар фортопьяно әлемін де игерген. Арнайы концерттер ұйымдастырған. Спорттан да құр алақан емес. Уақыттты тиімді пайдаланған олар каратэ мектебіне барған. Республикалық жарыстың жеңімпаздары. Спорт демекші баскетбол мен болейболды былай қойғанда, Ернар мен Санжар үстел теннисі бойынша спорт шебері (КМС). Бұған қоса би өнеріне де саяхат жасап, бірі Англияда екіншісі Америкада би мектебін тамамдаған. Сондай-ақ, оларға жұрттың алдына шығып сөйлеудің қыр-сырын үйреттім – дейді әкелері. Басқа ұлттың балаларымен салыстырғанда бір саты алда тұруы керек деген қағиданы ұстанған ата-ана балаларына ана тілімен қоса, жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл демекші өзге тілді үйретуді мақсат етіп қойған. Астанадағы №17 мектепте тілді терең меңгерген балалар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқуға мүмкіндік алды. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
Аслан Назаралиев, Фордхам Университеті, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты | |
|
|
Мемлекет басшымыз 2005 жылы Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде жыл сайын үш мың таланты жасқа шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі туралы айтқан соң, үміткерлердің легіне мен де ілесіп, құжаттарымды тапсырдым. Бағыма «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атану бұйырды. Сөйтіп, 2006 жылы Нью-Йорк қаласындағы Нью-Йорк Университетінің Политехникалық институтына оқуға түстім. Онда екі жыл оқып, 2008 жылы Фордхам университетіне үшінші курсқа ауыстым. Қазір Фордхамда қаржы мамандығы бойынша соңғы курста оқып жүрмін. Жастарды шетелге оқуға жіберудегі мемлекеттің мақсаты – сапалы жоғары білім беру, тәжірибе жинау, елдің ілгері дамуына үлес қосу болғандықтан, АҚШ-тағы оқу туралы айтайын. Естуім бойынша, болашақтықтар оқу үлгерімінің нашарлығына байланысты стипендиясынан айрылып қалып отыр. Ол стипендианттар оқитын сабақтарының қиындығына байланысты талапты орындай алмай отыр десе, еш сенбес едім. Үлгерімдерінің төмен болуы тек өздеріне байланысты, өйткені мұнда оқу үшін барлық жағдай жасалған және алып бара жатқан қиын оқу да жоқ. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ уақытында кампуста тұратындарға жатақханасы мен тамағының ақшасын төлеп, ал кампус сыртында тұратындарына айлық стипендиясын беріп тұрады. Ол барлық мұқтаждықтарға молынан жетеді. Kітапханалар мен оқу ғимараттары қажетті кітаптар және соңғы технологиялармен жабдықталған, компьютерлер жеткілікті, интернет желіге қосылған. Сондай-ақ, айта кететін жайттың бірі - оқытушылармен аптаның кез-келген күні хабарласуға болады. Мысалы, жүзбе-жүз, электрондық почта немесе телефон арқылы хабарласу мүмкіндігі бар. Бұл жерде оқытушы мен оқушы арасында қарым-қатынас бірдей дәрежеде немесе досың сияқты. Олар көмектесуге қашанда даяр. Оның үстіне көптеген пәндер түрлерінен тәрбиеші-мұғалімдер оқу орнында қызмет етеді. Менің өзім, мысалы, оқып жүрген жерімде сегіз пәннен бірінші, үшінші курс арасындағы студенттерге жеке сабақ беремін. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білім алу үшін 2006 жылы бақ сынап көрдім, сәтін салды | |
|
|
 Арман Қожакелдиев, Laurentian University, Канада, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білім алу үшін 2006 жылы бақ сынап көрдім, сәтін салды. Еуразия Ұлттық Университетінде оқып жүрген мамандығым бойынша (мемлекеттік басқау) Канаданың Laurentian университетіне оқуға түстім. Екі елдегі білім беру жүйесіне студент ретінде тікелей қатысым болғаны осы салаларды салыстыруға мүмкіндік береді. Басында бізге үйреншікті «группа» ұғымының болмауы таң қалдырды. Студенттерде семестр басында оқитын сабақтарын таңдау еркі бар. Сабақтың өзіңе ыңғайлы уақытын, тіпті профессорын да таңдауыңа болады. Оқытушылардың қатал ұстаз болғаннан гөрі, көмекші-эдвайзер ретінде араласатыны алғашқы кезде көп демеу болды. Алайда, бұл – студенттер саны аз, орташа университеттерге тән нәрсе көрінеді. 9 мың студенті бар Laurentian университеті – солардың бірі. Кампусында оқуға арналған және басқа университеттерге тән үйреншікті ғимараттардан бөлек екі көл, жағажай мен гольф-корты бар Laurentian Онтарио провинциясындағы қос тілді университеттердің бірден-бірі. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
Мәртебені марқайтқан мереке | |
|
|
 Тарихы терең көшпелі көне өркениеттің өзегі саналатын қазақ сахарасы – сыбаға-сарқытын сыйлысына арнап сақтайтын, құдайы қонағын қадірлі қонақтай құшақ жая қарсы алып шетке қақпайтын дарқандықтың бастауы, жолдасына жорғасы, жақынына қалтасы, мейманына марқасы дайын мәрттіктің мәйегі. Ұлан-ғайыр ұлылықтың ұйтқысына айналған ұлы қазақ даласының дәуірлер бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан осындай дара дәстүрін, ұлттық салтын, айрықша болмыс-бітімі мен тарихи тыныс-тіршілігін шет ел жұртшылығына қазақи сән-салтанатымен паш еткен игі шара Швейцариядағы César Ritz оқу орнында болып өтті. Мейрамхана менеджменті пәні аясында ұйымдастырылған ұлттық шараға арнайы шақырылған Қазақстанның Швейцариядағы консулы Карипов Дәурен Айтбайұлы César Ritz университеттің қадірлі қонағы болды. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
«Алматы» арнасында «Күліп оян, Алматы!» ойын-сауықтық бағдарламасының тележүргізушісі Танакөз Толқынқызы | |
|
|
|
«Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Мен үнемі Францияның Қазақстандағы емес, керісінше, Қазақстанның Франциядағы елшілігінде жұмыс істеуім керек еді деп өкінемін.
– «Болашақ» бағдарламасымен Францияның Страсбург қаласында білім алдыңыз. Алғаш Страсбургке келгенде қандай әсерде болдыңыз?
– Алматыдан Страсбургке тікелей рейс болмағандықтан Түркия арқылы ұштым. Стамбулда бір түн қонуға тура келді. Шетелге бірінші рет шыққандықтан бәрі таңсық. Мен тілі қазақша шыққан таза қазақпын. Бірақ түбіміз бір деген түрік тілінде еш нәрсені түсінбей әбден қорыққаным бар. Стамбулдың алып әуе жайында билетімді құшақтап алып әркімге бір барып жол сұраймын. Олар мені, мен оларды ұқпай, қара терге түстім. Сөйтіп, Страсбургтың ұшағына соңғы адам болып әзер іліктім. Францияда өз еліме келгендей әсерге бөлендім. Өйткені, тілін білемін. Сұрап жүріп баруға тиісті мекен-жайымды оп-оңай тауып алдым. Ең бірінші, таң қалғаным – аялдамада автобус кестесі ілініп тұр екен. Қарасам: 15.01, 15.08 – деп автобустардың келетін уақыты көрсетіліпті. Ондай дәлдікпен жүруге дағдыланбағаннан таң қалдым. Сағатыма қарасам, көлік өз уақытында келіп тұр. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Ресей мемлекеттік технологиялық университеті | |
|
|
|
Әлібек Нұрымбетов,
Биылғы оқу жылында «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Нанотехнология» мамандығынан ғылыми тағылымдаманы өту үшін Москвадағы К.Э. Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетін таңдап алдым. Университет осы саланың негізгі мамандарын дайындайды. Бұл жоғары оқу орнында жинақталған жаңа технолгияларды игеру барысымен танысу және үйрену менің негізгі мақсатым болды. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің қашанда үздік білімі мен жеткен жетістіктері үшін жоғары марапаттауларға ие болып жататыны белгілі | |
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің қашанда үздік білімі мен жеткен жетістіктері үшін жоғары марапаттауларға ие болып жататыны белгілі. Ұлыбритания еліндегі Манчестер Метрополитен Университетінде «білім менеджменті» мамандығы бойынша білім алатын стипендиат Нарботаева Кәмшат Ерланқызының 2007-2008 академиялық оқу жылының қорытындысы бойынша арнайы мақтау қағазымен марапатталғаны жөнінде мәлімдейміз. |
|
|
|
|